Гүлнұр Оразымбетова − тележүргізуші

Гүлнұр Оразымбетова − тележүргізуші
Фото: juldizdar.kz

"Қазақстан" ұлттық телеарнасының  "Таңшолпан"  ақпаратты-сазды ойын-сауықтық бағдарламасын енді Гүлнұр Оразымбетова жүргізетін болады. Алғашқы эфирі бүгіннен басталған, Гүлнұрдың әріптесі  Руслан Шүңіреков. 

Ол: "Жүргізушілікке бірден келе салған жоқпын. Мен соңғы 1-2 айда бағдарлама жетекшісі Гүлмира Дайрабайдан сабақ алдым.  Бала кезімде үйдегілер менің әнші болуыма қарсы болды. Сол кездемұғалім не журналист болам деп ойлайтынмын. Кішкентайымнан республикалық "Пионер", "Ақ желкен" журналдарына әңгімелер жазатынмын. Суреттер салып жіберетінмін. Бағдарлама жүргізіп ойнайтынмын. Ұсыныс түскен соң, қабылдадым. Жүргізушілік  жүрегіме жақын. Әзірге "Таңшолпанды" аптасына бір рет жүргіземін. Әншілігімді тастамаймын. Журналистика жолына түсіп, бағдарлама ашып кетпеймін" - деді. Алғашқы жұмыс күнімен әнші өзінің инстаграм парақшасында бөлісіп, тыңдармандарының жақсылы-жаманды пікіріне де ілікті.

Н. Үсенова