Нұржан Керменбаев ерекше байқау ұйымдастырады

Нұржан Керменбаев ерекше байқау ұйымдастырады
Фото: kaz.tengrinews.kz

Енді тек танымал әртістер ғана емес, қарапайым халық та бейнебаянға түсе алады. Нұржан Керменбаев ерекше сайыс ұйымдастырады, деп хабарлайды Baistars.kz.

Әнші теледидардан көрінгісі келетін адамдарға мүмкіндік сыйлағысы келеді. Ол жаңа бейнебаянына түсетін кейіпкерді тыңдармандар арасынан іздемек. Ол үшін үміткер Нұржан Керменбаевтың «Бауырым, бесті әкел!» әнін толық орындап, бейнежазбаны klip.konkurs@mail.ru электронды поштасына жіберуі керек.

Басты талап — бейнетаспа креативті, қызыққа толы болуы керек. Телефонға түсірілетін видеоны міндетті түрде көлденең түсіру шарт және аты-жөніңізді жазуды ұмытпаңыз.

Ең қызықты әрі сәтті түсірілген видеоларды әншінің жаңа бейнеклипінен көре аласыздар. Енді тек танымал әртістер ғана емес, қарапайым халық та бейнебаянға түсе алады!

Н. Үсенова