Айқын Төлепберген продюсерлікті қолға алды

Айқын Төлепберген продюсерлікті қолға алды
Фото: baistars.kz

Әнші Айқын Төлепберген осы күнге дейін жинаған тәжірибесін жастармен бөлісу мақсатында шәкірт тәрбиелеуді қолға алды. Ол өнерлі қыз бен жігіттің басын қосып, «А» дуэтін құрды. Бұл туралы juldyz-alem.kz хабарлайды.

Дуэт құрамында өнер көрсететін 1993 жылғы Олжас та, 1994 жылғы Маржан да “Жанды Дауыс” жобасына қатысқан талантты әншiлер. Топтың “А” деп аталу себебiн – продюсерлерiнiң есiмi “А” әрiпiнен басталғандықтан және алфавиттiң бiрiншi әрiпi болғандықтан деп түсіндіреді топ солистері.

Сонымен қатар Айқын SuperStar.kz жобасында да тобының аты “А” болғанын айтып, «Менiң жолымды сендерге берсiн, әрқашан биiктен көрiнiп жүрсін» — деген ниетпен қойған дейді топ мүшелері.

Ал топтың жанры көбіне лирика бағытында болмақ. Қазiргi таңда дуэттің екi лирикалық әнi бар екен. Бiрiншiсi баяу ритмде болса, екiншi туындысының ырғағы жылдамырақ. Топ жақын арада көпшілікке бейнебаян ұсынады.

Н. Үсенова