Әлемдік хит әндер 5 минут ішінде

Әлемдік хит әндер 5 минут ішінде
Фото: вк

Қазақстандық Mezzo тобы қазіргі уақытта ең көп тыңдалатын топ әндерді орындады. Бес минутқа созылған роликте Hello (Adele), See You Again (Wiz Khalifa Ft. Charlie Puth), Love Me Like You Do (Ellie Goulding), All of Me (John Legend), Chandelier (Sia), I'm Not The Only One (Sam Smith), Say Something (A Great Big World, Christina Aguilera), Sugar (Maroon 5), Money On My Mind (Sam Smith) композициялары шырқалды. Топ  бұған дейін 90-жылдардың хит әндерінен попурри және заманауи хиттерді орындаған.

Mezzo тобы классикалық әрі танымал әндердің бірігуінен тұратын классикалық кроссовер стиліндегі әндерді орындайды. Топ 2012 жылы өткен X-Factor тележобасына қатысқаннан кейін құрылды.

Дереккөз: tengrinews

 

С. Ерсін