Баян Есентаеваның шәкірттері шырқап жүрген "Гүл әпше" әні плагиат болып шықты

Баян Есентаеваның шәкірттері шырқап жүрген "Гүл әпше" әні плагиат болып шықты
Фото: Баян Есентаеваның шәкірттері шырқап жүрген "Гүл әпше" әні плагиат болып шықты

Баян Есентаеваның жобасы − "Алау" тобының "Гүл әпше" әні плагиат болып шықты. Бұл ұқсастықты ең бірінші болып Gakku телеарнасы байқаған,  деп жазды Baistars.kz.

Тұңғыш рет бұл әнді сахнаға 30-шы жылдары Мария Лэтэрэцу алып шыққан екен.

Бір ғасырлық тарихы бар әнді әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген әнші орындаған. Соның ішінде Эдит Пиаф та өз репертуарына қосыпты.

Бірнеше нұсқаның ішінде қазақстандық топтың орындауына румыниялық "Ро-мания" тобының нұсқасы қатты ұқсайды. Бұл әнді олар 15 жыл бұрын айтқан екен.

"Алау" тобының орындауында "Гүл әпше" деп аталған әнге бейнебаян Шымкентте түсірілді. Ән шымкенттік сұлуларға арналды.

С. Ерсін