Баян Есентаева "Алло" бейнебаянының сюжеті бойынша фильм түсіреді

Баян Есентаева "Алло" бейнебаянының сюжеті бойынша фильм түсіреді
Фото: vk.com

Продюсер Баян Есентаева "Алло" бейнебаянының сюжеті бойынша фильм түсіреді.

"Бұл жұп ғаламторды жарды. Жәй ғана емес. Сіздерге ән де, бейнебаянның тарихы да ұнады. Рақмет, біз барымызды салдық. Ал енді жаңалықтың өзіне көшсек! Біз толықметражды фильмді бастадық. Биыл күзде Сіздерді еліміздің барлық кинотеатрына шақырамыз. Басты рөлдерде Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлі", − деп жазды Баян Есентаева Instagram желісіндегі парақшасында

Айта кетейік, бейнебаян бүгінге дейін бес миллионнан аса көріліп, әнсүйер қауымның көңілінен шықты. Ел арасында бейнебаянға түсірілген пародиялар да аз емес. 

Дереккөз: Tengrinews 

С. Ерсін