2015 жылдың ең табысты әншісі анықталды

2015 жылдың ең табысты әншісі анықталды
Фото: mind-gu.ru

Халықаралық грамжазба федерациясы (IFPI) 2015 жылдың қорытындысы бойынша ең табысты әншіні атады,− деп хабарлайды The Guardian.

Ағылшын әншісі Адель рейтингте көш бастады. Оның туындылары федерацияның қарашада шығарған "25" пластинасы мен Hello синглының өзге музыканттарға қарағанда көп сатылған. Оның туындылары әлемдік бірнеше рекордтты жаңартты.

Тізімдегі екінші орынды Ұлыбританияның тағы бір орындаушысы Эд Ширан алып отыр. Айта кетейік, ол өз әндерінің сөзін де өзі жазады. Үшінші орында америкалық Тейлор Свифт келеді. Ол өткен жылы IFPI рейтингінде бірінші болған еді. Олардан кейін канадалық поп-әнші Джастин Бибер мен ағылшынның One Direction тобы тұр. 

Айта кетейік, Hello бейнебаяны бірінші болып миллиард көріліп жинаған еді. Адельдің жаңа туындысы бұл көрсеткішке 88 күн ішінде жетті, ал корейдің PSY есімді рэперінің Gangnam Style бейнебаяны 159 күнде жеткен болатын.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін