«Қазақстан дауысы − 2015» жеңімпазы Мұратбек туралы не білеміз?

«Қазақстан дауысы − 2015» жеңімпазы Мұратбек туралы не білеміз?
Фото: www.youtube.com

«Қазақстан дауысы − 2015» байқауының жеңімпазы болып, көпшіліктің көзайымына айналған Мұратбек Хайролда жайында көп біле бермейміз. Алайда жоба барысында Мұратбектің қарапайым, көпшіл, мақсатшыл жігіт екенін байқаған болатынбыз. Назарларыңызға Мұратбектің өмірінен кішкене ғана деректер ұсынамыз.

1. Мұратбек Хайролда 1990 жылы 28 маусымда Моңғолияда дүниеге келген. Әншінің отбасы 1992 жылы Ақмола облысына көшіп келген.

2. Әкесі Хайролда Қабанұлы биология пәнінің, анасы Мафиза математика пәнінің мұғалімі.

3. 2009-2013 Қазақ ұлттық университеті (колледж) өнер жолын тәмамдаған. Бүгінде Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенті.

4. Филармонияның шақыруымен ән айтқан. Түрлі байқаулар мен концерттерде өнер көрсеткен: Халықаралық «Кришталева Грона» байқауының (Украина, Виноградов 2011ж); Халықаралық «Шабыт» байқауының, (Астана 2011 ж); Республикалық «Туған жер» байқауының, (Кызылорда 2012 ж); 2015 жылғы «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы.

5. 2013 жылы «Қазақстан дауысы» жобасының 1-маусымында Медеу Арынбаевтың тобында өнер көрсеткен.Сол додадан кейін: − Бұл менің жеңілісім болса, алда мені әлі жеңістер күтіп тұр!!!" - деген болатын.

6. Мұратбек бала кезінен әнге әуес болған. Домбыраны еркін меңгерген, және гитарада ойнайды.

7. Алдына білікті білімімен қоса, жоғары жалақы төленетін жұмысқа орналасу мақсатын қояды.

8. Бүгінде Мұратбек Хайролда "Қазақстан дауысы" жобасындағы жетекшісі Нұрлан Албанның "Анаға сағыныш" әніне бейнебаян түсіруде. Бұл туралы 19 желтоқсан күні әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған болатын.

Н. Үсенова