Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / «Орда» тобы: «Олай емес» әнінде философия жатыр

«Орда» тобы: «Олай емес» әнінде философия жатыр

«Орда» тобы: «Олай емес» әнінде философия жатыр

Бүгін, 21 желтоқсан күні Turkvizyon-2015 байқауында екінші орын иеленген «Орда» тобы Отанға оралды, – деп хабарлайды Массагет тілшісі. Сағат таңғы 6-да жеңімпаздарды әуежайдан қарсы алып, сұқбат жүргізіп келдік.

– Байқауға қатысудағы ең басты мақсаттарыңыз қандай болды?

– Дәлелдеу! Шыны керек, өткен жылы бірінші орынды Жанар алғаннан кейін, бізге қиынға соғарын іштей сездік. Биікке бір шыққан соң, ары қарай имиджді сақтау зор жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, ашып айту керек, барған себебіміз осы болды. Жанар өзінің ұлттық, қазақи нұсқасын көрсетті. Енді біз Қазақстанды мүлдем басқа қырынан көрсетуді қаладық.

Не себепті «Олай емес» әнін орындадыңыздар?

– Бұл әннің мағынасын барлығы бірдей түсіне бермейді. «Олай емес» әні халыққа несімен ұнамай қалды? Осы сұрақ біздің де көкейімізде жүр. Сөзі өте керемет, мұнда өте терең ой, терең сезім, философия жатыр. Неге осы әнді орындадыңыздар деп халық сұрай береді. Сұрақтың мәнін сөзі жоқ, мағынасы жоқ деп түсіндіреді. Біреуі осы әнді мән беріп тыңдады ма екен?

– Бас жүлде алған қырғызстандық әнші Жийдешке берер бағаларыңыз қандай?

– Біздің ойымызша, Қырғызстан өзіне лайық орын алды. Бәрі әділ болған секілді. Қазіргі заманға сай, сахнада шоу жасау маңызды болды. Түрквизионның жеңімпазына нағыз лайық әнші ретінде өзін өзі көрсетті. Кім үшін, не үшін орындаймыз? Тек қана әнші болмай, әртістік қабілетті де таныту керек. Оның ішінде киім де, сахналық тур да, би де бар. Сондықтан Қырғызстан бірінші, біз екінші орынды иелендік.

– Сіздер жүлделі орын алатындарыңызға көпшілік күмәнмен қараған сыңайлы. Оған не себеп болуы мүмкін?

– Әр адамның өз пікірі бар. Барлығының пікірін сыйлаймыз. Біздің мемлекеттен қолдау керемет болды деп айта алмаймыз. Әсіресе, сөккен адам көп болды.

– «Біткен іске сыншы көп». Енді соңдарыңыздан жақсылы-жаманды көп сөз ерері анық. Сынға көзқарастарыңыз қандай?

– Он бес жыл ішінде оған етіміз үйреніп кетті. Қазақстанда қазіргі заманда мәдени дағдарыс болып жатыр деп те айтқымыз келмейді. Интернетті ашып қарасаңыз, барлық алып мемлекет тек экономикалық жақтан емес, өнерге осындай өзгеріс алып келіп жатыр. Мұны қарапайым халық біле бермейді, ол көбіне өнер адамдарына аян. Біз домбыраны алып шықпағандықтан, қазақи ән айтпағандықтан қазақ болмай қалмаймыз. Фольклордың не екенін және әлемдік музыканың не екенін бөліп қарастырып, түсіне білсек өте тамаша болар еді.

– Сұқбаттасқандарызға рақмет! Келер күндерге сәттілік тілейміз.

– Сізге де рақмет!

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 21 желтоқсан 2015, 08:57

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.