Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Turkvizyon ұйымдастырушылары қазақ әншілерінің өнерін жоғары бағалады

Turkvizyon ұйымдастырушылары қазақ әншілерінің өнерін жоғары бағалады

Turkvizyon ұйымдастырушылары қазақ әншілерінің өнерін жоғары бағалады

Turkvizyon-2015 халықаралық ән байқауы өз мәресіне жетті.

Ыстамбұлдағы ақтық сында өнер көрсеткен 21 елдің әншілері арасында Қазақстанның атынан шыққан «Орда» тобы екінші орынды иеленді. Ал сайыстың бас жүлдесі қырғызстандық әнші Жийдеш Ыдырысоваға бұйырды. Оның орындауындағы «Кім біледі» әніне қазылар алқасы 194 ұпай берді.

Биыл құрылғанына 15 жыл толған «Орда» тобы Ыстамбұлда өткен Turkvizyon-2015 халықаралық ән байқауында жүлделі орыннан көрініп, өнер жолындағы кезекті белесіне көтерілді. Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар ұжым бұл сайыста да әуезді ән, ырғақты биімен көпшілікті баурап әкетті. Алайда 21 елдің мықты өнерпаздары қатысқан байрақты бәсекеде айыр қалпақты ағайынның асығы алшысынан түсті. Жийдеш Ыдырысова «Кім біледі» әнін үздік орындап, қырғыз елінің үкілеген үмітін ақтады. Атап өту керек, Жийдештің сахнадағы ұстанымын қазақстандық әнші Жанар Дұғаловаға ұқсатқандар көп болды.

Ринат Кертаев, «Хабар» арнасының бас продюсері: - Бұл – үлкен жеңіс. Қазақ өнеріне, қазақ музыкасына, Қазақстанның эстрадасына берілген үлкен баға деп білеміз. Жігіттердің 15 жыл бойы төккен тері ақталды деп сеніммен айтуға болады. Осы байқаудан кейін Turkvizyon-нің бір отаны – Қазақстан. Оның мәдениеті деп нық сеніммен айтсақ, артық болмас. Бұл тәуелсіздікке жасалған керемет тарту болды. Жеңіс құтты болсын дейміз.

Тurkvizyon ән байқауы биыл осымен үшінші мәрте ұйымдастырылды. Түркітілдес мемлекеттердің мәдени байланысын нығайтуға бағытталған бұл жобаға қазақ елінің өнер жұлдыздары жыл сайын белсенді қатысып келеді. Былтыр ғана Татарстан астанасы Қазан қаласында өткен сайыста әнші Жанар Дұғалова бас жүлдені жеңіп, қазақ өнерін түркі әлеміне әйгілеген болатын. Turkvizyon-2015 байқауының Гранд-финалына ол арнайы қонақ ретінде шақырылды. Сондай-ақ бұл кеште осы жылы алғаш рет өткізілген Bala Turkvizyon байқауында «Алтын дауыс» номинациясын иеленген Тұрсынхан Еркін де сахна төрінде ән шырқады. «Халықаралық сайыста үш бірдей қазақстандық әншінің өнер көрсетуі бұл қазақ елінің түркі дүниесіндегі жоғары мәртебесін білдіреді», - дейді ұйымдастырушылар.

Ислам Багиров, Turkvizyon халықаралық ән байқауының бас үйлестірушісі: - Turkvizyon халықаралық ән байқауы арқылы түркі дүниесінің мәдени құндылықтарын бүкіл әлемге насихаттауды көздейміз. Әлбетте алдымызда осы өнер сайысын үзбей, жыл сайын өткізу міндеті тұр. Оған қоса біз биыл Bala Turkvizyon жобасын қолға алдық. Бұл бастаманың тұсауы Алматы қаласында кесілгенін ерекше атап өту керек. Қазақстандағы ұлттық іріктеу кезеңі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Халықаралық сайыстың сәтті өтуіне қосқан үлесі үшін қазақ еліне үлкен алғыс білдіреміз.

Жыл сайын халықаралық ән байқауының қатысушылары көбейіп, географиялық ауқымы кеңейіп келеді. Биыл жарысқа тек түркітілдес елдер ғана емес, Еуропа, Балтық жағалауы, Таяу Шығыс мемлекеттерінің өнерпаздары да аса қызығушылықпен қатысты. Олардың арасында жүлделі орынға ілікпеген кейбір әншілер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Мысалы, «Бейбітшілік» сыйлығы Ирак елінен келген күміс көмей әнші Оғыз Сырмалыға бұйырды. Сириялық әнші Әділ Шан «Көрермендер көзайымы» номинациясын жеңіп алса, «Әділ қазылардың арнайы сыйлығы» Германиядан келген Дерья Каптанға табысталды.

Ыстамбұлда болған ән байқауы қазақстандық өнерпаздар үшін сәтті өтті. Bala Turkvizyon-де ел намысын қорғаған Тұрсынхан Еркін екінші орын алып, сайыстың «Алтын дауыс» номинациясын жеңсе, бүгін Орда тобы да жүлделі орыннан көрініп, талғампаз өнерсүйер қауымның көңілінен шықты. «Бұл жетістіктер қазақ мәдениетінің түркі дүниесіндегі абыройын тағы бір асқақтатты», - дейді ұйымдастырушылар.

Дереккөз: 24.kz

Фото: ortcom.kz
Қосылған күні: 20 желтоқсан 2015, 17:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.