Қазақстан 2016 жылы "Евровидение" байқауына қатысуы мүмкін

Қазақстан 2016 жылы "Евровидение" байқауына қатысуы мүмкін
Фото: vev

2016 жылдан бастап "Хабар" Агенттігі" Еуропалық хабар тарату одағының ассоциациялық мүшесі атанады. Бұл туралы телеарна сайтында хабарланды.

"Біздің Агенттікм − телевизия саласындағы әлемдегі ең ірі ұйымға енген Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз телекомпания. Енді "Евровидение" сынды мәдени халықаралық жарыстар мен Еуропада өткізілетін түрлі спорттық шараларды "Хабар" Агенттігі енді еш кедергісіз өз эфирінен көрсете алады",  делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Еуропалық хабар тарату одағы 1950 жылы құрылған. Басты кеңсесі Женевада орналасқан. Бұл ұйым Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка елдеріндегі 56 мемлекеттің жетпістен астам теле және радио компаниялары бас қосып, бірлесіп жұмыс істейді. Еске сала кетейік, "Хабар" Агенттігі Азия-Тынық мұхит хабар тарату одағына да мүше болған алғашқы қазақстандық БАҚ өкілі.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін