Астанада Қайрат Нұртаспен кездесуге келген жанкүйерлер тағы жанжал шығарды (фото)

Астанада Қайрат Нұртаспен кездесуге келген жанкүйерлер тағы жанжал шығарды (фото)
Фото: www.ori-kuan.kz, nur.kz

Қазақстандық әртіс Қайрат Нұртас Астанада «Мазала» атты жаңа әнінің тұсауын кесті. Аталған туынды әншінің «Мен ғашықпын» деп аталатын альбомына кірді деп хабарлайды Астанадағы NUR.KZ тілшісі.

Фото: Nur.kz

Шығармашылық кеш «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығынында өткізіліп, тыңдармандар Қайрат Нұртасқа көкейіндегі сауалдарын жолдады.

_DSC0270

Кейіннен әртіс жаңа альбомынан бірнеше хит әндерін орындап, көпшіліктің көңілін көтерді. Қайрат сахнадан кеткен соң, жанкүйерлер әншінің ән жазбалары мен қолтаңбасын алуға тап берді. Бір қызығы, осы кеште кумирін көруге келген тыңдармандардың басым бөлігін жігіттер құраған.

_DSC0280

Бұл кездесуде жанкүйерлер жанжал шығарып, ән дискілеріне қолы жетпеген қыздар ұйымдастырушыларды “альбомның көбісін өздері тығып қойған” деп кінәлады.

_DSC0317

_DSC0084

_DSC0111

_DSC0240

_DSC0261

_DSC0310

Дереккөзі: NUR.KZ

Қ. Бүйенбай