Кәмшат Жолдыбаева Баянға екінші рет оралды

Кәмшат Жолдыбаева Баянға екінші рет оралды
Фото: massaget.kz

«КешYOU» тобының құрамында өнер көрсетіп, кейін жеке әнші ретінде танылып үлгерген Кәмшат Жолдыбаева продюсер Баян Есентаеваға қайта келді. Әнші бұған дейін бір рет кетіп, қайтып оралған еді.

«Гәкку» телеарнасына берген сұхбатында Баян Есентаева: «Кәмшат Жолдыбаева — жеке әнші. Кеткеннен біраз уақыттан кейін кездестік. Ол ән мен бағыт таңдауда қиналып жүргенін айтты» − деді Есентаева. Өзінің қол астынан шыққан әншінің жағдайына бей-жай қарай алмаған продюсер оған көмектесетіндігін білдірді.

Енді Кәмшат Баян Есентаевамен бірге жұмыс істейді. Бірақ келісімшарт жасамаған. Қазір Кәмшат музыкалық продюсері Бағым Мухитденова таңдаған әнді жазып, бейнебаян да түсіріп үлгерген.

Дереккөз: baistars.kz

Н. Үсенова