Музыканттар жетіген аспабымен дәстүрлі әндерге попурри жасады (видео)

Музыканттар жетіген аспабымен дәстүрлі әндерге попурри жасады (видео)
Фото: massaget.kz

Қазақ халқының мақтаныш етер асыл мұра, рухани жәдігерлерінің ішінде ғасырлар сүзгісінен өтіп, бүгінгі күнге дейін жеткен көл-көсір әндерін әрбір қазақ тыңдауы тиіс. Осы мақсатпен Алматы қаласында бір топ музыкант қазақтың ұлттық аспабы саналатын 30 жетігенмен дәстүрлі әндерден попурри жасады. 

Кәсіби музыканттар "Туған жер", "Белес - Белес", "Гәкку ", " Әгугай " әндерінен тұратын құраманы орындаған кезде бүкіл тыңдарманның делебесі қозып, қазақ халқының рухани жәдігерлерін мақтан тұтатынын ду қол шапалақпен көрсетті. 

С. Ерсін