Алматыға Dr. Alban қонақ болады

Алматыға Dr. Alban қонақ болады

"Алматы - менің алғашқы махаббатым" ретрофестиваліне Валерий Меладзе мен Dr. Alban келіп қатысатын болды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі шараны ұйымдастырушыларға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жоба 8 қыркүйек күні Халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде өтеді. Концертке сонымен қатар, итальянадық әнші Sabrina да қатыспақ. Шараның құрметті қонағы Dr. Alban-ның 90 жылдары It's My Life әнімен әлемге танымал болғандығын айта кетелік.

Шеттен келген әншілермен қоса, отандық жұлдыздар да бар өнерін салатын болады. Атап айтсақ, Жәмимлә Серкебаева, Нағима Есқалиева, Дильназ Ахмадиева, Нұрлан Абдуллин, Айгүл Бабаева, Бүркіт, Қыдырәлі Болманов, Алмас Кішкенбаев, Қарақат, Әлішер Кәрімов, Рафаэль, Қайрат Нұртас, Лидо, Сырым Исабаев секілді әншілер жұрттың көңілін табуғы тырысады.

Сонымен қатар "Дос-Мұқасан", "Орда", "Жетіген", "Rin'Go",  Voyage, "КешYou", "Мечта" және "Индиго" топтары өнерлерін көрсетпек. Кештің жүргізушері ретінде Сағынай Абдуллин, Нағима Есқалиева, Нұрлан Албан, Мадина Садуақасова, Алексей Шахматов және Баян Есентаева шақырылыпты.

"Алматы - менің алғашқы махаббатым" ретрофестивалі өз негізін 1999 жылы қалағанын да айта кетелік. Бұл жылғы шараның басты оқиғасы Дариға Назарбаева мен Филипп Киркоовтың дуэты болады деп күтілуде.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ololo.fm