Батырхан Шүкеновтің жаңа әнжинағы "Аманат" деп аталады

Батырхан Шүкеновтің жаңа әнжинағы "Аманат" деп аталады
Фото: youtube

Батырхан Шүкеновтің "Аманат" атты жаңа альбомы жыл соңына дейін шығады.

Жаңа альбоммен танымал композиторлар  Ринат Ғайсин, Қуат Шілдебаев, әншінің директоры Олжас Байқанов пен достары айналысып жатыр. Әнжинаққа Батырхан Шүкенов айтқан 10 композиция кіреді. 

"Біз Қуат Шілдебаевпен студияға келіп, жазбаларды ақтара бастадық. Көп материал таптық. Бір ай ішінде біз оның қазақ тілінде жаңа альбомын шығарамыз. Егер Батырхан болмағанда мен музыкант ретінде танылмас едім. Ол маған сенімділік, бақыт сыйлады. Онымен таныс болғаным үшін өзімді бақытты музыкантпын деп есептеймін. Біз онымен бірге көп нәрсеге қол жеткіздік. Альбомға кірген әндер өте ерекше", — деді Ринат Ғайсин.

Айта кетейік, әнжинақтағы басты ән (Аманат) Алматыда өткен "ЖасSTAR" халықаралық фестивалінде таныстырылды.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін