Әли Оқаповтың Батырхан Шүкеновке арнаған клипі шықты

Әли Оқаповтың Батырхан Шүкеновке арнаған клипі шықты
Фото: tn.kz
Ғаламторда Әли Оқаповтың «Жаңғырық» әніне түсірген клипі пайда болды. Бұл туындысын жас әнші Батырхан Шүкеновтің аруағына арнады, – деп хабарлайды BNews.kz.

Әли Оқапов пен Батырхан Шүкенов бірге дуэтпен ән орындамақ болған. Бұл жөнінде әншілер 2015 жылдың сәуірінде уағдаласқан. Алайда, Батырдың мезгілсіз қазасына байланысты бұл жоспар жүзеге аспай қалды. Жарты жыл өткеннен кейін Оқапов істі аяқсыз қалдырмай әнін соңына дейін жазып,, клип түсірді. 

Роликте Роза Рымбаева, Болат Сыздықов, Ренат Гайсин, Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, JSC тобының солисті Абай Рақышевтар бар. 

М. Бисембаева