Баян Есентаеваны жылатқан кім? (видео)

Баян Есентаеваны жылатқан кім? (видео)
Фото: www.youtube.com

“Жанды дауыс” бағдарламасының қатысушыларының бірі Баян Есентаеваның көзіне жас алдырды. Әншінің өнеріне тамсанған продюсер жас жігітке мақтау айтты.

"Жанды дауыс” музыкалық шоуына қатысқан Серік Ғамза-зада жоба продюсері Баян Есентаеваны тәнті етті. Әнші тікелей эфирде Элтон Джонның Sorry seems to be the hardest word әнін орындаған сәтінде Баян көзіне еріксіз жас алды.

Баян жас жігіт бұл әнді түпнұсқасынан әлдеқайда жақсырақ орындады деп санайды.

“Әнді қалай айтасың, Серік! Бұл тым әдемі болды. Тіпті Элтон Джоннан да әдемірек орындадың. Біздің жобаға келгенің жақсы болған екен. Сен кереметсің. Өте дарындысың”, – деді продюсер Серікке.

Дереккөз: NUR

С. Ерсін