I2mar (Айтұмар) тобы алғашқы бейнебаянын таныстырды

I2mar (Айтұмар) тобы алғашқы бейнебаянын таныстырды
Фото: youtube.com

I2mar (Айтұмар) тобында Абзал Қуандық және Гүлжан Дәулетова атты әншілер өнер көрсетеді. Бұл топ жақында алғашқы макс-синглын дүйім халыққа таныстырған еді. Енді Айтұмар тобы алғашқы бейнебаянын шығарды.

«Раушан гүлі» атты әнге түсірілген бейнебаян өзгелерден ерекше болып шыққан көрінеді. Неге десеңіз, топ продюсері Тимур Қасымжановпен бірге бейнебаянын сериалға айналдыруды шешті. Әр жаңа бейнебаян сериалдың жалғасы ретінде шығады. Демек, «Раушан гүлі» бейнебаяны – бір сюжеттік желінің басы.

Бейнебаянның бас кейіпкері – топтың әншісі Абзал Қуандық. Бұл туынды бар болғаны бір аптаның ішінде түсіріліп, монтаждан өтіп, дайындалды.

Топтың екінші мүшесі – Гүлжан Дәулетова «Мисс Алматы – 2015» байқауына қатысып, «Мисс сәнбике» аталымына ие болды. Жоба аясында Гүлжан «Анашым» атты жеке әнін жаздырды. Бұл әуен Гүлжанның анасына деген махаббатының символы. Әннің сөзін Жанар Карина, музыкасын Гүлшат Задорожнева жазды.

Ф. Абилова