Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Жастайынан ән айтқан жұлдыздар

Жастайынан ән айтқан жұлдыздар

Жастайынан ән айтқан жұлдыздар

Өзгелері тәтті балмұздақ жеп, асыр салып ойнап жүрген кезде, олар мансап жолын бастап та үлгерген еді. Олардың жастайынан ән салып келгендігін дәлелдейтін суреттер мен бейнебаяндар да бар.

1992 жылы Мейрамбек Бесбаев «Қоштасқым келмейді» атты фильмге түседі. Фильм Қалдыбек Найманбаевтың повесінің желісі бойынша түсірілген. Осы фильмде Мейрамбек «Алғашқы махаббат» әнін орындап, көрермендердің жүрегін жаулайды.

Мәдина Сәдуақасова өзінің алғашқы қадамдарын 1992 жылы «Әнші балапаннан» бастайды. Бұдан кейін түрлі сайыста бақ сынайды. «Музыкалық саяхат» сайысында салған әні көрермендердің есінде ұзақ сақталды. 1999 жылы «Жас қанат» байқауына қатысып, басты сыйлықты жеңіп алады. Өзінің кумирі Роза Рымбаевамен сол жерде жолығып, бірге ән айтады.

Ділнәз Ахмадиева өзінің мансап жолын 4 жасында бастайды. «Таңғажайып алма» атты балаларға арналған фантастикалық шоуға түседі. Арада екі жыл өткен соң сол уақытта ерекше танымал болған «Шатырдағы көкқұтан» әнін орындайды. Елімізде алғаш рет Алматы қаласындағы Ұйғыр театрының сахнасында ән айтады.

10 жасында ОРТ тапсырысы бойынша Қазақстан телеарнасы отыз минуттық бағдарламада билеген биін жазып алады. Ал еліміздің ең үлкен сахнасына алғаш рет 1993 жылы шығады.

Жанар "Turkvizyon-2014" жобасынан бұрын да түрлі сайыста бақ сынаған. Оның аты соңғы кездері ғана жиі аталып жүрсе де, сахнада жастайынан өнер көрсеткен. «Әнші балапан», «Жас қанат» сынды сайыстарға қатысып, жеңімпаз атанған.

Әлішер «Әнші балапанға» 5 жасында қатысады. Сахнада Ялла тобының «Шайхана» атты әнін орындап, «Көрермендер көзайымы» аталымын жеңіп алады.

Динара да алғашқы әнін 5 жасында айтқан. «Айгөлек» сайысынан кейін көрермендер оны ұзақ уақыт есінде сақтайды. Осыдан кейін тек ән айтып, көп бейнебаян түсіреді.

Әнші Ұлықпан Жолдасовтың қызы Фарида Жолдасова да өзінің шығармашылық жолын балалық шағынан бастаған. «Әнші балапанға» қатысқан. Осы сайыстан кейін қыздың тәтті үні көрермендердің есінде ұзақ сақталады. Дәл қазір Фарида үлкен сахнаға шығып, ән айтып жүр. Алғашқы әндерін әкесі жазып берген. Қазір өзі де өлең шығарады. Ішіндегі ең танымалы - «Неге солай?» әні.

Алмас Кішенбаев жөргекте жатып-ақ ән салған. Алғаш рет Родион Газманов орындап жүрген «Люси» әнін айтқан. Есейе келе музыка мектебінде білім алады. Фортепиано мен домбырада ойнайды.

1996 жылы халықаралық «Айналайын» фестиваліне қатысады. Сол жылы Париждегі «Жас, талантты балалар» фестивалінде өнер көрсетеді. Қырғызстанның «Мейір» атты фестиваліне де қатысқан.

Әли Күләш Бәйсейітова атындағы музыка мектебін тәмамдаған. Фортепианода ойнайды. «Дельфиялық ойындар», «Алматым жүрегімде», «Ақтөбе jazz» атты түрлі сайысқа қатысып, жеңімпаз атанады.

Бота жастайынан ән салып, 9 жасында гитарада ойнаған. 15 жасында талантты досы А.Борисовпен бірге рок топ құрады. 4 жыл топта ән айтады.

Карина «Әнші балапанға», ресейлік «Таңертеңгілік жұлдыз» бағдарламаларына қатысып, жеңімпаз атанған.

Бұл сөзімізге сенбейтін шығарсыз, біраз Ерболат Құдайбергенов те өзінің мансап жолын «Әнші балапан» бағдарламасынан бастаған екен. Осы бағдарламада қарындасына арналған «Салтанат» атты ән орындайды. Лирикалық туынды көптің есінде ұзақ уақыт бойы сақталады.

Дереккөзі: ztb

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Фото: alashainasy.kz, tengrinews.kz, ztb
Қосылған күні: 29 қыркүйек 2015, 15:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.