«Жаңа Толқын-2012» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Жаңа Толқын-2012» байқауының жеңімпаздары анықталды

Юрмалада өткен «Жаңа Толқын-2012» халықаралық жас орындаушылар байқауының жеңімпазы болып ресейлік әнші Niloo аталды. Лауреаттарды байқаудың жабылуына байланысты өтетін гала-концертте марапаттады.

Бірінші орынды иеленген әнші «Хрусталь толқын» ескерткішін, диплом және 50 мың еуро ақшалай сыйлықты қанжығасына байлады.

Екінші орын, «Хрусталь толқын» және 30 мың еуроны Италия қатысушысы Констанцо Дель Пинто алды.

Үшінші орынды, «Хрусталь толқын» және 20 мың еуроны украиналық әнші Мария Яремчук иеленді.

«Love Радио» cыйлығы, яғни радио толқынында насихаттау - ресейлік IOWA тобына табысталды.

«Жаңа Толқын-2012» байқауында 14 елден 16 қатысушы бағын сынады. Қазақстан атынан «The Jigits» тобы өнер көрсеткен болатын, алайда жалпы есепте тек төртінші орыннан көрінді.

Жеңімпаздар анықталған соң, арнайы шақырылған қонақ, танымал әнші Нелли Фуртадо шығып, бірнеше хит-әндерін орындады. Байқау «Жаңа Толқын» әнұранымен аяқталды.

Niloo

The Jigits

Сурет: svit24.net

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina