Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Актриса Нұрбигүл Егізовамен сұхбат

Актриса Нұрбигүл Егізовамен сұхбат

Актриса Нұрбигүл Егізовамен сұхбат

Оралдық актриса, тележүргізуші Нұрбигүл Егізовамен сұхбаттасудың сәті түсті. 

- Нұрбигүл, сәлеметсіз бе? Көрерменге әзіл-қалжыңның ортасында ғана жүргендей көрінесіз, шынымен өмірде де солай ма?

- Өмірдің бір қалыпта тұрмай, аумалы-төкпелі болып тұратыны барлығына белгілі ғой. Сол себепті де мен кез-келген адамның бір көңіл-күйде ғана жүруі – ол мүмкін емес деп ойлаймын. Әр адамның басында бір бойына жетерлік мұңы баршылық. Ал өзіме келетін болсам, расымен де мен осы уақытқа дейін комедиялық жанрда кеңінен танылдым. Ал көгілдір экранның арғы жағында болып жатқан кез-келген телетуынды белгілі бір сценарийдің желісімен түсіріледі дегім келеді. Ол жерде берілген рөлді сомдау – актрисаның міндеті.

- Телебағдарламаларды да жүргізесіз. Көбіне қай жанрдағы бағдарламалардан ұсыныс түседі?

- Жалпы өз басым, тележурналистика саласына келгенде қатып қалған бір қағиданы ұстанбаймын. Мен ең алдымен мамандық бойынша актрисамын соны ұмытпауым керек. Сол себепті де бағдарлама жүргізуге ұсыныс түссе, оның қандай бағытта екендігіне қарамастан, ойдағыдай жүргізіп шығу – менің міндетім. Мысалы, қазіргі таңда «Жетінші арнада» жүргізіп жүрген «Күнбастар» таңғы бағдарламасының бағыты көңілашар, ойын-сауықтық болса, «Білім және мәдениет» арнасында жүргізген «Әлі есімде» туындысының бағыты керісінше салмақтылау болатын. Сол сияқты ұлттық арнада тізгіндеген «Дала думан» бағдарламасының да өзіне тән табиғаты болды.

- Білуімше сіз ән айтасыз және тележүргізушісіз, оған қоса киноға да түсесіз. Барлығына үлгересіз бе?

- Жаратушыдан берілген жиырма төрт сағат ұтымды пайдаланған адамға молынан жетеді. Тек қана қарап қалмай, еңбектене беру керек. Тынбай жұмыс істеген адамға өмір несібесін бұйыртады. Мен кішкентайымнан арманшыл болдым, әлі күнге дейін армансыз күнім болған емес. Сол арманымның жетегіне еріп, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына түстім. Әлі шығар шыңдар алда екеніне сенімім мол. Бастысы адам баласы жанына азық болатын дүниені молынан қабылдағаны дұрыс деп ойлаймын. Кез-келген адам әрқашан рухани дамып отыруы керек. Рухани баии түскен жанның әр күн сайын мақсаты арта түспек. Ал мақсат болған жерде өмірдің мәні бар.

- Кішкентайыңыздан бұлай қалыптасуыңызға не түрткі болды? Балалық шаққа саяхат жасап көрейікші.

- Мен Батыстың тумасымын. 1986 жылы 2 қазанда дүниеге келгенмін. Он үш жасқа келгенімде анам дүние салды. Негізі, көбі біле бермейді, мен егіздің сыңарымын. Анамның құрсағынан екі нәресте болып, өмір есігін аштық. Өзімнен 15 минут үлкен Бибігүл есімді әпкем болды, алайда оған мына жарық дүниені көру бақыты бұйырғанымен, ғұмыры ұзақ болмады. Осылайша, жалғыз бой жеттім. Бойыма бір адам баласына жетерліктей тәрбиені сіңіре білген адам - әжем. Сол кісінің ақылын бойыма сіңіріп өстім. Өмірден көргенін, тағылым етіп баяндап отыратын, соны естіп өстім,ал осының барлығы адам болып қалыптасуыңа өзіндік себебін тигізбей қоймайды деп ойлаймын. «Батаменен ел көгереді» дейді ғой, ал менің білуімше үлкен адамның көзін көрген адамға бата алу бақыты молынан бұйырады. Ал жалпылай келгенде, өмірдің өзі ұстаз емес пе?!

- Өнердің қай саласы болмасын қыз баласына оңай емес қой. Қандай да бір қолдаушыңыз бар ма?

- Шынымды айтайын, қолдаушым бір Алла. Қалғанына еңбек пен білімнің, сабырдың арқасында жетуге де болады деп ойлаймын. Академия қабырғасында жүргенде менің ұстазым, белгілі режиссер Әубәкір Рахимов адам баласы көздегеніне бір пайыз талант пен  99 пайыз еңбектің арқасында жетеді деп айтатын. Мен де сол пікірге қосыламын, әрі сол жолда еңбек етіп келемін. Жаратқаннан тек қана «таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер» деп сұраймын. Өзім отбасында жалғыз өстім. Әкемнің ұлы да, қызы да менмін. Әкесінің арқасында жүрген адам емеспін. Керісінше әкеме мен жәрдем беретін уақыт жетті ғой деп ойлаймын. Ұлы Абайдың «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен білімің екі жақтап» деген керемет ұлағатты өсиеті бар, мен де осы қағиданы ұстануға тырысамын. Бастысы, кез-келген қиындық атаулыға қарсы жүре білген жөн.

- Сонда кино әлеміне де, телевизия саласына да кастинг арқылы келдіңіз ғой.

Иә, әлбетте. Кастингке ел қатарлы барып, бағымды сынаймын. Бағым жанса, шақырту аламын.

- Нұрбигүл, менің естуімше сіз былтыр Ұлыбританияда білім алған екенсіз...

Иә, былтырғы жылы Ұлыбританияның Лондон қаласында екі айға жуық уақыт білім алып келгенім рас. Жалпы, онда барғандағы бірінші мақсатым – Ұлыбританияның тарихымен танысу болатын, екінші көздегенім – тіл үйрену болатын. Әрине мұным біздің елде білімнің сапасы төмен дегеннен туындаған ой емес. Әр елдің тілінде өзіне тән сөйлеу ерекшелігі мен табиғаты болады, ал оны солармен тыныстай жүріп меңгермесең, үйренгендей болмайсың. Сол себепті де меннағыз ағылшындықтар мен аристократтардың тұяғының ізі қалған Лондон қаласында білім алуды жоспарлаған едім, сол жоспарымды жүзеге асырдым.

Достарыңыз көп пе?

- Достық деген ұғым әр адамның түсінігінде өзінше қалыптасатыны рас. Ал менің ұғымымда - нағыз дос адам баласында санаулы ғана болады деп ойлаймын. Себебі, қалжыңыңды көтеріп, барыңмен қабылдайтын, сенімен жылап, сенімен қуанатын жандар жылдардың сүзгісінен өтіп, іріктелетін секілді. Ал негізі сыйласатын адамдардың барлығына сыйластықпен жауап қатуды өзіме парыз деп білемін. Барлық адаммен тез тіл табысып кететінім бар. Оны жақсы қасиеттерімнің бірі. Жаратқан өміріңе жіберген кез-келген адам кездейсоқ келмейді деген ұстанымда өмір сүріп келемін. «Үйрен де жирен» деген керемет сөз бар ғой, расында да әр адамның өз үйретері бар. Кей адам өмір сүруге деген құлшынысыңды арттырса, кей адамнан түңілу арқылы жақсы мінезді жаныңа серік етесің. Ал біреуі білімге, еңбекке деген құштарлығыңды оятып жатады. Барынша, кездескен адамдардан тек қана жақсы қасиеттерін алуға тырысамын.

- Сырыңызды кімге ақтарасыз?

- Білесіз бе, мен биіктікті өте жақсы көретін адаммын. Өнер саласында жүргеннен соң, ұшақпен ұшуға тура келетін кездер жиі болады. Аппақ бұлттардың арасында қалықтаған уақытта жанымнан қаламым мен қойын дәптерім табылады. Ондай сәттерде қиялыма түрлі жоспарлар мен мақсаттар оралады. Ал әдетте жаныма жылулық сыйлайтын Алматының Алатауы. Сырымды да, мұңымды да ақ басты қарт тауға барып, жайып салғанды жөн көремін. Ондай сәттер жүрегіме қуаныш силайды, тіптен шерімді тарқатып, жылатып та алады. Ал қазір Астанада тұратын болғандықтан, маған бұл жақтың биік-биік үйлерінен гөрі, жаныма ерке Есілдің жағалауы жақынырақ. Сұлулыққа жаным құштар, өзеннің толқуы мен табиғаттың ерекше құбылыстарын тамашалағанды сүйемін, әдеміліктен көз алмай отырып, сұлулықпен сырласамын. Міне осының барлығын қағаз бетіне түсіріп отырамын. Бүгінде қойын дәптерім менің айнымас жан досыма айналғандай...

- Тәуліктің жиырма бесінші сағаты болса, қандай іспен шұғалданған болар едіңіз?

- (біраз ойланып, жымиып алды) Жеке өміріме көңіл бөлген болар едім...

-Әсерлі сұхбатыңызға көп рахмет, шығармашылық табыстар тілеймін!


Жолдаған: Еркеназ Шоқан

Дайындаған: BAUKENTI ZHAQSYMBET
Қосылған күні: 15 қыркүйек 2015, 10:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.