Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Павлодарлық домбырашы Италиядан бас жүлдемен оралды

Павлодарлық домбырашы Италиядан бас жүлдемен оралды

Павлодарлық домбырашы Италиядан бас жүлдемен оралды

Павлодар музыка колледжінің студенті Ерасыл Әділбеков "Магия Italiana-2012" балалар мен жастар шығармалығы халықаралық конкурсы-фестивалінде гран-при иеленді деп хабарлайды newskaz.ru

Музыканттың оқытушысы Рыскүл Сабекованың айтуынша, "Магия Italiana-2012" балалар мен жастар шығармалығы халықаралық конкурсы-фестиваліне Испания, Италия, Болгария, Грузия, Ресей, Польша, Қырғызстан және Қазақстан елдерінің елуге жуық жас дарындары қатысқан. Фестивальде ел намысын Павлодар музыкалық колледж шәкірттері қорғады: Ерасыл Әділбеков, Дамеля Сейфуллина, Айдана Бәйкенова. Қазақ жастары "Атамұра" ансамблі ретінде өнер көрсетіп, түрлі туындыларды жеке де орындаған. 

"Алғашында конкурста гран-при жүлдесі болмады, бірақ Ерасылдың жеке өнер көрсетуінен соң қазылар алқасы бір ауыздан оған гран-при беруді шешті. Ерасыл фестивальде Нұрғиса Тілендиевтің "Баламишка" күйін және орыс халық әндері попурриін ұсынды", - дейді оқытушы.

Гран-приден бөлек қазақ музыкант жастарының қоржынында "Атамұра" ансамбліне табыстаған бірінші орын да бар. Конкурста олар қазақ күйлерінің попурриі мен Нұрғиса Тілендиевтің "Аққу" күйін орындады. Халықаралық жюри музыканттардың дайындық деңгейін, орындауын, әртістік қабілеттерін және бірегей репертуарлары мен киімдерін өте жоғары бағалаған.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков 

Сурет: rudocs.exdat.com

1332 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 27 шілде 2012, 18:53
Пікірлер
+0
27 шілде 2012, 19:08

Орыс халық әндері домбырада қалай шыққаны қызықтырып тұр :D

+0
28 шілде 2012, 21:34

ооооооооооооооооооооо керемет жаңалық!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...