Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Қимай сені барамын" - қимастықтан туған ән

"Қимай сені барамын" - қимастықтан туған ән

Өткен ғасырдың 90 жылдарында қазақ сахнасына жаңа әнші жол тартты. Ол - әнші Меруерт Түсіпбаева. Көпшілікке «Қимай сені барамын» әнімен танылған ол бүгінде қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының біріне айналды. Ал оны танытқан әсем ән әншінің бойтұмар әніне айналып, әлі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.

«Қимай сені барамын» әнін белгілі сазгер Төлеген Мұхамеджанов, ал мәтінін көрнекті қайраткер, қазақ әдебиетінің тарланы Шөмішбай Сариев жазған. Әуелі «Қимай сені барамын» әнінің әуені жай ғана музыкалық туынды болған. Кейін Төлеген Мұхамеджанов Шөмішбай Сариевке әдемі әуенге сөз жазып беруін өтінеді. Ақын сазгер өтінішін аяқ асты етпей, ән мәтінінің бірнеше нұсқасын қарастырып, алты өлең жазып береді. Сазгер барлық өлеңдерді әуенге түсіріп, қарайды. Таңдауын соңғы нұсқаға «Қимай сені барамын» өлеңіне жасайды.

Ән әуені мен сөзі өзара үйлесім тапқандай болады. Себебі, кезінде сазгер бір ғажап сезімді бастан кешіріп, әуенді дүниеге әкелген. Бұл қараша күздің қоңыр күндерінің бірі болған. Сазгер таңмен ерте оянып, табиғаттың тылсымын бақылайды. Уақыттың жылжып жатқандығы, күздің жазды, қыстың күзді алмастыратындығы адам ғұмырындағы кейбір кезеңдермен ұқсастық табатынын аңғарады. Табиғат та адам баласы сияқты кейбір кезеңдермен қимай қоштасып жатады. Сазгер ақын өлеңінен осы ойын тапқандай болады.

Дайын ән өнерге жаңадан қадам басқан әнші Меруерт Түсіпбаеваға ұсынылады. Әнші өз кезегінде әнді халыққа жеткізіп, танымал етеді.

Қимай сені барамын

Әнін жазған: Төлеген Мұхамеджанов

Сөзін жазған: Шөмішбай Сариев

Орындаушысы: Меруерт Түсіпбаева

Ұнаттың сен де мені нәзік гүлге теңеп,
Ұнаттым мен де сені шуақ күнге теңеп.
Қыс келіп, көктем өтті,
Сол бір сезім текке кетті,
Өмір өкпелетті мені.

Қайырмасы:

Мұңды жанарың,
Жоқ қой амалым.
Қош бол, бақыт құс,
Қимай сені барамын.
Мұңды жанарың,
Жоқ қой амалым,
Қош бол, бақыт құс,
Қимай сені барамын.

Сүйіп едім мен сені, сезім тербеп еді,
Сүйіп едің сен мені, тағдыр бөлмеп еді.
Күн суып, ыстық арман,
Сары жапырақ түсті жалған,
Кұстай ұшты арман алыс.

Қайырмасы:

Мұңды жанарың,
Жоқ қой амалым.
Қош бол, бақыт құс,
Қимай сені барамын.
Мұңды жанарың,
Жоқ қой амалым,
Қош бол, бақыт құс,
Қимай сені барамын.

Жанымды гүлге бөлер саған сенем, көктем,
Құстары әнге бөлеп қайта келер көктем.
Аялдамас қыс та өтер,
Жанға салқын ызғар өтер,
Көктем келер, келер көктем.

Қайырмасы:

Мұңды жанарың,
Жоқ қой амалым.
Қош бол, бақыт құс,
Қимай сені барамын.
Мұңды жанарың,
Жоқ қой амалым,
Қош бол, бақыт құс,
Қимай сені барамын.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Ақпарат көзі: yvision.kz/post/248712

Суреттер: janaozen.net, yvi.kz


3279 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 27 шілде 2012, 09:16
Пікірлер
+0
27 шілде 2012, 15:53

"Қимай сені барамын" - қимастықтан туған ән - "нан дүкенінде нан сатылады" деген сияқты екен

+0
27 шілде 2012, 16:17

:lol: :lol: :lol:

+0
31 шілде 2012, 12:20

Маған ұнайды. Оқушы кезімде жаттап алып, қой бағуға барғанда далада айқайлап айтатынмын осы әнді))) :P

+0
14 ақпан 2014, 15:57

керемет ән, жүрекпен орындау

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев