Сүйкімділігінің арқасында танымал болған балақайдың аты-жөні – Бреанна Юн

Сүйкімділігінің арқасында танымал болған балақайдың аты-жөні – Бреанна Юн
Фото: intermonitor.ru

Бреанна Юн – Оңтүстік Кореяның тумасы. Оның жасы – алтыда. Былтыр Юн ата-анасымен бірге Оңтүстік Кореядан Дубайға көшіп келді. Сүйкімділігінің арқасында танымал болған Бреаннаның әлеуметтік желідегі парақшасын миллиондаған оқырман бақылап отырады. Балақайдың видео не суретін сіз де әлеуметтік желіден көріп қалған боларсыз... 

Бәрі Бреаннаның әлеуметтік желіге мынадай видеолар жүктеуінен басталған. Тәтті қыздың балдай қылықтары миллиондаған жанның жүрегін жаулап алған. Бүгінде ол – Оңтүстік Кореядан шыққан танымал балақайлардың бірі. 

Қыздың ата-анасы: "Біздің қызымыздың неге осынша атақты болып кеткенін білмейміз! Ол – бойында алып бара жатқан дарыны жоқ қарапайым бала. Биді жақсы билейтіні, камера алдында өзін еркін ұстайтыны рас. Оны көрген адамдар неге екені белгісіз, қуанып, бақытты болып кетеді" , - деп таңырқайды. 

Харизмасының арқасында атақты болған сүйкімді балақайға көз тимесін дейміз! 

М. Оңғарова