"Даналар ізімен" телеарналарда көрсетіледі

"Даналар ізімен" телеарналарда көрсетіледі

Sunna.kz-тің хабарлауынша келесі аптада  «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының» тікелей қолдауымен «Интисар» студиясы түсірген қазақ тіліндегі «Даналар ізімен» атты 12 сериядан тұратын деректі-публицистикалық фильмі телеарналарға жол тартпақ.

Бұл фильм қазақ даласынан шыққан Хибатулла ат-Тарази, Кауам ат-дин әл-Иткани секілді ислам ғұламаларының, Әбубәкір Кердери, Бекет ата, Сұлтан Бейбарыс секілді ұлы ойшылдарымыз бен ел басқарған қайраткер бабаларымыздың өмірінің бізге беймәлім тұстарын қамтитын тың деректерден тұрады. Фильмді түсірудегі басты мақсат - дәстүрлі дініміз бен қатпарлы тарихымызды ұлықтау, сонымен қатар ислам мәдениеті мен қазақ тарихын қалыптастыруға зор үлес қосқан абыздарымызды бүгінгі ұрпағымен қайта қауыштыру.

Деректі фильм Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қатысуымен түсірілген. «Даналар ізімен» фильмінің әр сериясының ұзақтығы 21 минутты құрайды. Фильм қасиетті Рамазан айында, нақтырақ айтқанда, 31 шілдеден 17:35-те «Қазақстан» ұлттық арнасында, ал 30 шілдеден бастап, 20:30-да «Мәдениет» арнасы арқылы көрсетілетін болады.

Сурет: sunna.kz

Дайындаған: Сматуллаева Айгерім