Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың тойы қыркүйектің 25 күні болады

Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың тойы қыркүйектің 25 күні болады
Фото: massaget.kz, youtube.kz

Әнші әрі актриса Аша Матай мен «Mysterions» тобының солисі Арман Қоңырбаев 25 қыркүйекте үйлену тойы болатындығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан ұлттық телеарнасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін 26 жастағы қазақстандық әртіс, әнші және жүргізуші Аша Матайдың Арман Қоңырбаевқа тұрмысқа шығайын деп жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Арман сүйіктісіне халықтың көзінше ұсыныс жасап, қуантқан. Оны әншінің жақын достары видеоға түсіріп, инстаграмм әлеуметтік желісінде жариялаған.

Қ. Бүйенбай