Баян Есентаеваның қызы қазақ тілінде қате сөйлегені үшін сынның астында қалды

Баян Есентаеваның қызы қазақ тілінде қате сөйлегені үшін сынның астында қалды
Фото: Instagram

Танымал продюсер Баян Есентаева Instagram желісіндегі парақшасына шетелде оқитын қызы Айсәуленің ағылшын тілінде еркін сөйлейтінін айтып, мақтанды.

Ол желіге қызының ағылшын тілінде әлдекімдермен телефон арқылы сөйлесіп жатқанын жүктеген. Алайда, қолданушылар дереу Айсәулені сынға ала жөнелді. Қолданушылардың кейбірі Айсәуленің ағылшын тілінде таза сөйлеймейтінін айтса, көпшілігі “Алдымен қазақ тілінде неге еркін сөйлемейді?” деп наздарын білдірген. Осыдан соң, Есентаева дереу қызының қазақ тіліндегі видео жолдауын жүктеді. Айсәуле Бақытбек видеода 11 жыл бойы қазақ мектебінде оқығанын, туған тілінде еркін сөйлейтінін айтқан. Десе де, қолданушылар Айсәуле Бақытбектің қазақшасы таза еместігін қайталап жазуда.

Дереккөз: nur.kz

Н. Нұрмаханұлы