«Астана жұлдызы» үшінші ұлттық музыка бәйгесі 4 шілдеде өтеді

«Астана жұлдызы» үшінші ұлттық музыка бәйгесі 4 шілдеде өтеді
Фото: youtube.com

Астана жұлдызы Үшінші Ұлттық музыка бәйгесі 2015 жылдың 4 шілде күні, Астана қаласында, Бейбітшілік пен Келісім сарайында өтеді. Бәйге бастамашысы – Астана қаласы әкімдігі. Ұйымдастырушы - «Adam Media Group».

Ұлттық бәйге өтетін күні Елорда тұрғындары керемет қойылымның куәсі болады: қызыл кілем үстінен қазақстандық музыка, шоу-бизнес және кино саласындағы  танымал тұлғалар жүріп өтеді.

Қызыл кілем сағат 17.00-де басталады.

Атаулы күні ең үздік өнерпаздар, ең үздік қатысушылар және ең үздік дауыстар марапатталады.

«Астана жұлдызы» Ұлттық музыка бәйгесі – отандық музыка өндірісіндегі теңдесі жоқ тың құбылыс. Соңғы жылдары тағайындалған сан қилы музыкалық сыйлықтардан басты өзгешелігі – «Астана жұлдызы» - бірінші кәсіби музыкалық бәйге. Отандық музыканың дамуына, жаңарып, жаңғыруына әсер еткен үздік өнерпаздарды құрамында 100 кәсіби маман – еңбегі сіңген әртістер, продюсерлер, композиторлар, ақындар, музыка және fashion-өндіріс мамандары, БАҚ өкілдері бар Қазақстанның Музыкалық Академиясы таңдайды. Дауыс берудің осы жүйесі әлемдік деңгейде қолданылып жүр. Жобаның басты мақсаты – кәсіби білікті сарапшылардың таңдауы арқылы ұлттық музыканың өркендеп, өрлеуіне ықпал ету, сапалы музыканың сұранысқа кеңінен ие болуына жағдай жасау.

М. Оңғарова