Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Евровидение-2013" Мальмада өтетін болды

"Евровидение-2013" Мальмада өтетін болды

"Евровидение-2013" конкурсы Швецияның оңтүстігіндегі Мальма қаласында өтетін болды. Бұл туралы шараны трансляциялауды жоспарлап отырған Sveriges Television AB (SVT) телеканалы хабарлады.

"Евровидение-2013" сайысы Мальмада бұдан бұрын 1992 жылы өткізілген болатын. Швецияның бұл мүмкіндікке Лорин атты әншісінің осы жылғы сайыста жеңімпаз атанғаннан соң ие болғандығын да айтып өтелік.

Билік келер жылғы доданы Стокгольм қаласында да өткізу туралы да ойланып көрген екен. Дегенмен Мальманың инфраструктурасының ыңғайлылығы таңдауды өзіне аудырыпты. Оның үстіне осы қалада жыл сайын Melodifestivalen конкурсы мен  "Евровидениеге" іріктеу сайсыстары өткізіліп жүр екен.

14-18 мамырда өтетін бәйгеге 40 елдің өнерпаздары қатысады деп күтіліп отыр. Сайыс 2008 жылы салынған 15,5 мың адамды сиғыза алатын Malmoe Arena алаңында өтеді. 

"Евровидение-2012". Loreen. Euphoria

Естеріңізге сала кетелік, Бакуде өткен "Евровидение-2012" конкурсында бас жүлдені швециялық әнші Лорин Euphoria әні үшін 372 ұпай жинап алған еді. Екінші орын Ресей атынан шыққан "Бурановские бабушки" тобына бұйырған болатын. Әжелер Party For Everybody әнімен жұртты біраз дүркіреткен еді. "Любовь не вещь" әнін орындап шыққан Сербиялық Желько Йоксимович үшінші орынды қанағат тұтқан болатын.


Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: flickr.com


1249 0
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 09 шілде 2012, 15:10
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...