Адырна – көп ішекті шертпелі саз аспабы

Адырна – көп ішекті шертпелі саз аспабы

Адырна – қазақ халқының көп ішекті шертпелі көне саз аспабы. Аңыз деректеріне сүйенсек, бұл аспап көне түркілер мен қыпшақтар арасында кең таралған, танымал аспап. Қазақ жерінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген кезде табылған.


Көне заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Зерттеушілердің айтуы бойынша, адырна аспабының көне түрі садаққа ұқсайды. Кейін марал, бөкен, бұғы, киік, арқар тәрізді аңдардың тұлғасына ұқсас болып келген, мүйіз бен құйрық арасына ішектер тартылған екен.


Адырна аспабының шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Шанақ мен мүйіз ағаштан жасалады. Мүйізге құлақтар бекітіліп, ішектер тартылады. Ішектер шуда жіптен не болмаса тарамыстан тағылады. Ішектердің жалпы саны 7-ден 17-ге дейін болады. Аспап қалыңдығы 8-10 см, жалпы тұрқы 48-50 см. 

Адырна арфа аспабына ұқсас, шерту әдісі де жақын. Адырнаны тізеге қойып, басын иыққа тіреп, сол қолмен сүйеп, оң қолмен ішекті іліп (кейде шертіп) ойнайды.

Форумда талқылау

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған