Андрей «Жігіттер» квартетінің өз қолынан билет сатып алды

Андрей «Жігіттер» квартетінің өз қолынан билет сатып алды

«Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбекұлы қызықты жайтқа тап болды, деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі. Әншіге Андрей есімді өзге ұлт өкілі коңырау шалып, жақын күндері өтетін концертке билет сатуын сұрайды.

Андрей «Жігіттер» квартетінің сүйікті тыңдарманы екенін жеткізіп, Айдардың өз қолынан билет сатып алғысы келетінін айтады. Ал Айдар болса, Андрейдің ұялы телефон нөмірін қалай тапқанынан бұрын, «Жігіттер» квартетін тек қазақ жұрты ғана емес, сонымен қатар өзге ұлт өкілдері де тыңдайтынына дән риза. Бұл ұсынысқа қуана келіскен Айдар Андреймен белгіленген жерде кездесіп, өз қолымен концерт билетін табыстаған. Мұны әнші instagram.com желісінде жария қылды.

«Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбекұлы топтың алға қойған мақсаттарының бірі орындалғандығын айтып ағынан жарылды.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының 19 мен 20 күні «Жігіттер» квартеті Республика сарайында «Құстармен сырласу» атты концертін өткізеді. 

Сурет:instagram.com 

Оқи отырыңыз:

Жігіттер” квартетіне 10 жыл!

"Жігіттерквартеті - "Қимасым"

Жұлдыздар жігіттер жайлы не дейді?

«Жігіттер» квартеті ана туралы бейнебаян түсірмек

Н. Нұрмаханұлы