«Азия» тобы Астанада концерт береді

2015 жылдың 20 наурыз күні Астана қаласының Конгресс-Холл сарайында «Азия» тобының шығармашылық ән кеші өтеді.

«Азия» тобының мүшесі Ренат Баситов 2014 жылдың жазында апатқа ұшырағаннан кейін топтың шығармашылық жұмыстары біраз баяулап қалған болатын. Әйткенмен, тыңдармандары мен әріптестерінің қолдауына ие болған Ренат көп күттірмей аяғынан тұрып кетті. Осыған дейін ұжым жеке концертін Астана қаласында өткізуге дайындалып келді.

«Азия» тобының Астана қаласында өтетін ән кешінде әнші Гүлнұр Оразымбетова, Қайрат Нұртас, «Арай» және «Di-Art» топтары өнер көрсетеді.

«Азия» тобы 2004 жылдың мамыр айында құрылды. Топ құрамында Ербол Шәріпов, Ренат Баситов, Нұрсұлтан Батырқұлов сынды әнші жігіттер өнер көрсетеді. Топ Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының қабырғасында қаланған. Осы уақытқа дейін «Азияның» «Биле, Биле», «Мұстафа Шоқай», «Ғажайып күй», «Жетіқарақшы», «Махаббат аралы», «Ауылға кел, аяулым», «Жүрегімді жауладың», «Қырманға кел, қалқатай»,  «Сыйла әніңді», «Мереке» және Ерболат Құдайбергеновпен бірігіп «Айым» әндеріне түсіріліген бейнебаяндары жарық көрген.

Сурет: xmusic.kz