Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Роза Рымбаева жас әнші Айдарбек Рысбекке ұсыныс жасады

Роза Рымбаева жас әнші Айдарбек Рысбекке ұсыныс жасады

Роза Рымбаева жас әнші Айдарбек Рысбекке ұсыныс жасады

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жас әншімен бірге ән жаздырып жатыр. Бұл туралы Айдарбек Рысбек Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

Әншінің айтуынша, Роза Рымбаева оған бірігіп ән айтуға ұсыныс жасаған. "Роза Қуанышқызы маған осылай ұсыныс жасайды деп ойламадым. "Айдарбек, сен ән дайында, екеуіміз бірге дуэт болып орындайық" деген кезде қуанышымды жасыра алмадым. Мен мұны өзім үшін мәртебе деп білемін. Тіпті, бақыт десем де болады. Себебі, ол кісімен бірге кім көрінген ән айта бермейді", - деді әнші. Қазіргі уақытта әнші жаңа туындыны дайындауға кірісіп кетті.

Айдарбек Рысбектің айтуынша, әнді өзі жазып шықпақ. Ал сөзін ақын Иран Ғайыпқа жаздыру жоспарда бар. Орындаушының айтуынша, туынды осы айда дайын болып, халықтың көңілінен шығып жатса жаз айларында бейнебаян да түсірілмекші. "Ал осы әннің алдында мен Роза Қуанышқызына "Салған әнім" деп аталатын авторлық әнімді бердім. Алла бұйырса, сүйікті әншіміз оны сахналарда орындайтын болады", - дейді ол.

Айдарбек Рысбек - әдемі дауысымен, лирика әндерімен танымал болған жас орындаушы. Әншіге осы айдан бастап Жанна Әбуова продюсер болады. Бұған дейін Айдарбек Рысбек продюсерсіз өнер көрсетіп келді.

сурет: vk.com

Қосылған күні: 12 ақпан 2015, 13:19

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.