«Сазген сазы» ансамблі жеке концерттік бағдарламасын ұсынады

«Сазген сазы» ансамблі жеке концерттік бағдарламасын ұсынады

2014 жылы 22 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімінің фольклорлы-этнографиялық «Сазген сазы» ансамблі өзінің жеке концерттік бағдарламасын өткізбекші. Салтанатты жиынның өтуіне Алматы қаласы мәдениет басқармасына қарасты «Алматы әуендері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қолдау көрсетіп отыр.

Ұйымдастырушылар әсем ән мен тәтті күй сыйлайтын кеш бұрынғыдан өзгерек екенін айтады. Концерттік бағдарламаның 1-бөлімінде көне музыкалық аспаптарының сүйемелдеуімен қазақтың бұрыннан келе жатқан ескі ән-күйлері орындалады. Ал 2-бөлімінде заманауи әлемге танымал джаз ырғақтағы шығармалар ұсынылады.

Сондай-ақ, бұл концертке Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Башқұрстанның халық әртісі Рамиль Гайзуллин, Қырғыз елінен келген қонағымыз Бақытбек Шөтенов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, бірнеше халықаралық байқаудың лауреаты, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының әншісі Майра Мұхаммедқызы, Президент Степендианты, Қазақстан Жастар Серпер сыйлығының иегері Тамара Асар және «Қазына» вокалдық тобы қатысады.

Концертті ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ақан Абдуалиев жүргізіп, әсем әнмен қатар салмақты ойлар да айтылмақ.

Келем деушілерге есік ашық!

Болатын жері: Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның Үлкен залы.

Өтетін уақыты: 18:00

Сурет: writers.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектептерді дамыту. i-balaqai жобасында − Нұрмұxаммед Досыбаев
Қазақстандық мектептерді дамыту. i-balaqai жобасында − Нұрмұxаммед Досыбаев
АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады
АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады
Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады
Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады
Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі