Электрожетіген әуенін тыңдап көрдіңіз бе?

Электрожетіген әуенін тыңдап көрдіңіз бе?

12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорында «SHARAPAT» этно-рок тобының «Сарыарқа» альбомының тұсаукесері өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Sharapat» этно-рок тобы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының грантына ие болды. Альбом Қордың қаржылық қолдауымен жазылған.

«Sharapat» этно-рок тобы 2014 жылы құрылып, сол жылғы "The Spirit of Tengri" халықаралық фестивалінде еліміздің атынан шыққан еді. Инструменталды құрамасына электрожетіген, бас электродомбыра, соло/ритм электродомбыра және соқпалы музыкалық аспап кіреді.

Бұл шарада қонақтар естелік ретінде жаңа «Сарыарқа» альбомының CD-дискіне ие болады.

«Сарыарқа» альбомының тұсаукесері сағат 19.00-де басталады.

Кіру тегін.

Сурет: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз қызметінен

Ф. Абилова