Қайрат Нұртастың концертін әрбір төртінші қазақстандық көрген

Қайрат Нұртастың концертін әрбір төртінші қазақстандық көрген

"Сенбі күні болған Қайрат Нұртастың фильм-концентін әрбір төртінші қазақстандық телекөрермен тамашалаған екен! Зерттеу нәтижесі бойынша, бұл жобаның үлесі 26,5%, ал рейтингісі 7,31 болғанын мақтанышпен хабарлаймыз", - деп жазды 31 арна кеше өзінің инстаграмдағы парақшасына. 

Біз Қайрат Нұртастың арт-директорына хабарласқанымызда, Лаура ханым былай деп пікірін білдірді: "Сенбі күні концерт болды. Содан кейін 31 арна сүйіншілеп инстаграмға шығарып, жобаның рейтингісін жариялады. Қайрат Нұртастың өзі қазір Америкада".

Ал 31 арна өкілі Дінмұхамед Зиядиннің мәліметінше, Алматы қаласы бойынша 6 мен 54 жас аралығындағы аудиторияда фильм-концерттің үлесі 34,4%, рейтингі 12,4 болған. "Бұл – өте жақсы статистика және сол сенбі күнгі 31 арна бағдарламасы бойынша ең жоғары көрсеткіш. Бағдарламамыздың ең үлкен артықшылығы – концертті жай эфирде беріп қана қоймай, журналист Анна Данченконың әншінің жанында жүріп, үйіне барып, бірге жолға шығып, сұхбат құрып, фильм түрінде түсіргенінде дер едім", - дейді Дінмұхамед Зиядин.

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың «Еркелеп елге ән арнай» атты 3D Show концерті 12 қазан күні Алматыдағы Республика сарайында өткен еді. Ал телекөрермен назарына 25 қазан күні 31 арнадан ұсынылған болатын. 

Сурет: vk.com, instagram.com/31arna

М. Оңғарова