Музыка қалай пайда болған?

Музыка қалай пайда болған?

Өмірімізді музыкасыз елестету мүмкін емес. Радио, телевидение, кассета, диск – ол барлық жерде. Жасы үлкен аға, әпкелеріміз Дос-Мұқасан, Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Бибігүл Төлегенова, Ескендір Қасанғалиев сынды әншілерді тыңдаса, орта буынның қалауы Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев секілді әншілерге түседі. Ал жастардың кімді тыңдап жүргені мен айтпасам да белгілі болар. Осылардың ішінен классикалық әуенге бой алдырып, оны жүрекпен тыңдау қиынға соғады. Ал егер арнайы музыкалық біліміңіз болмаса, музыкалық театрларға, филормонияға жиі барып тұрғаныңыз жөн. Бұдан өзге музыканың қайдан шыққандығы туралы кезекті материалымыздан біле аласыз.

Ежелгі гректерде музыканың пайда болуы туралы түрлі аңыздар болған. Олар оны құдайдың сыйға тартқан құдіреті деп білген. Өнер құдайы, әсіресе музыканың атасы Аполлонды керемет сипаттаған; Садко өзінің гусли аспабымен су асты патшалығын таңқалдырған; ал Орфей туралы аңызда музыкаға деген сүйіспеншілік баяндалған.

Грек мифологиясында 9 музаның 5-еуінің музыкаға тікелей қатысы бар: Эвтерпа музыканың қамқоршысы, Мельпомена жерлеу рәсімі кезіндегі музыканы, Терпсихора хор өлеңдерін, Эрато үйлену той өлеңдерін, Полигимния қаһармандар мен құдайларға арналған өлеңдерді айтатын болған.

Атақты математик әрі философ Пифагор «музыкалды акустика» ғылымының негізін салған. Көп музыкалық терминдердің атауы Грекиядан шыққан. Ал дана Платон мен Аристотель музыканың адам баласына тәрбие беретіндігіне көңіл бөлген.

Алғашында адам баласы дыбыстың не екенін де білмеген. Ол бір тылсым күштің әсерінен таралады деп ойлаған. Осылайша адам әрбір басқан қадамында музыканы жолықтыратын болған. Яғни құстардың ән салуы, жануарлардың ақыруы, өзеннің сылдырлап аққан даусы әуен секілді естілген.  

Музыканың пайда болуына адам баласының табиғатпен байланысы себепші болған.

Жалғасы бар...

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай