Қыдырәлі Болманов концерт береді

Қыдырәлі Болманов концерт береді

Бүгін Алматы қаласы Республика сарайында сағат 19:00-де Алматы әкімшілігінің қолдауымен "Бақыттымын өзіңмен" атты концерт өтеді. Алматы күніне орай өткелі отырған концертте Қыдырәлі Болмановтың жобалары: "Ұлытау" тобы, Қарақат Әбілдина, Әлихан Байсұлтанов, Ағайынды Жүгінісовтер, "Қарақат" мектеп-студиясының оқушылары өнер көрсетеді. 

Болмановтың инстаграмдағы парақшасына сүйенсек, концертті Мәдина Сәдуақасова мен Тұрсынбек Қабатов жүргізеді. Санаулы уақыттан соң көрерменмен қауышатын концерттің ойдағыдай өтуі үшін 60-қа жуық адам еңбектенуде. 

Сурет: ulytau.kz

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

М. Оңғарова