"Новая волна-2012" байқауында "Мате-Залка бойз" басқа атпен өнер көрсетеді

"Новая волна-2012" байқауында "Мате-Залка бойз" басқа атпен өнер көрсетеді

"Новая волна-2012"(Жаңа толқын) байқауында Қазақстан атынан өнер көрсететін "Мате-Залка бойз" топ атауын өзгертетін болды. Бұл туралы massaget.kz тілшісіне трионың мүшесі Әлішер Егембердиев хабарлады.

Топтың атын қоярда жігіттер ұзақ ойланып, шығыстық дәстүрлер мен көшпенділер өмірінің колоритіне басымдық беруді шешіпті. Ақыры, "Бедуин" деген атауға тоқтаған екен. Әйтсе де топ атауының латын тіліндегі жазылуы туралы нақты шешім қабылданбапты. 

Музыкалық трионың сайыста орындайтын әні де дайын көрінеді. Алайда топ мүшесі бұл туралы айтудан бас тартты. 

"Жаңа толқын-2012" байқауы 24-29 шілде аралығында Юрмала қаласында өтеді. Естеріңізде болса бұл сайысқа 2011 жылы Қазақстан атынан "А-Лау" тобы қатысқан еді. Байқауда жерлестеріміз 14-орынға табан тіреген болатын. Ал жеңіс АҚШ-тық өнерпаз Джейден Фелдерге бұйырған еді.

сурет: vk.com