Баян Есентаева жаңа топқа шашы ұзын қыздарды іздейді

Баян Есентаева жаңа топқа шашы ұзын қыздарды іздейді

Продюсер Баян Есентаева өзінің инстаграм желісіндегі ресми парақшасында "Shine production" компаниясы жаңадан құрылатын топқа кастинг жариялайтынын мәлімдеді деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Жаңа girls band құрамында өнер көрсеткісі келетін талапкердің бойы 165-170 см аралығында және шашы ұзын болуы керек екен. Бұл талаптардан бөлек, кастингке қатысқысы келетін қыздардың салмағы 50 келіден аспауы керек, қазақ тілін міндетті түрде білуі керек. Кастинг 28 шілде және 1 тамыз аралығында сағат күндізгі 12.00 мен 15.00 аралығында болады. Қатысамын деушілер төмендегі скриншоттағы мекен-жайына баруы тиіс.

"Қыздардан тұратын жаңа топқа кәмелеттік жасқа толмағандар алынбайды". @adam di нигіндегі қолданушының сұрағына Баян Есентаева осылай жауап берді.

 

Жаңадан құрылатын топтың аты әзірге белгісіз қалып отыр. Естеріңізге сала кетсек, Баян Есентаева бұған дейін әнші Мөлдір Әуелбекованы "KeshYou" тобының құрамына алған болатын

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: tengrinews.kz

А. Құлтай