Майкл Джексонның XSCAPE атты жаңа альбомы жарық көрді

Майкл Джексонның XSCAPE атты жаңа альбомы жарық көрді

Аты аңызға айналған поп-музыка королінің бұл әндері бұрын-соңды жарияланбай келген. «Меломен» интернет және желі дүкендерінен XSCAPE атты жаңа альбомын сатып ала аласыз.

Эл Эй Рейд продюсерлік ететін Epic Records компаниясы бұл альбомды Майкл Джексонның 40 жыл бойы жиналған мұрағатымен жұмыс істеп, барлық әндерін қайталап жазып шығарған. Бұл әндерде Майкл Джексонның дауысы сапалы жазылған.

Майклдың тірісінде айтып, сақтап кеткен дауыс жазбаларын компания Родни Джеркинс, Старгейт, Джером Хармон және Тимбалэндпен бірігіп отырып қайта жазып шыққан.

Альбомға еш жерде жарияланбаған сегіз композиция енген. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: өделген

А. Құлтай