Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / MCKZ арнасының ашылу кешінде Қайрат Нұртастың басы дауға қалды (видео)

MCKZ арнасының ашылу кешінде Қайрат Нұртастың басы дауға қалды (видео)

MCKZ арнасының ашылу кешінде Қайрат Нұртастың басы дауға қалды (видео)

MCKZ музыкалық арнасының ашылу кешінде Қайрат Нұртастың басы дауға қалды деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Мұның алдында Қайрат Нұртас Instagram желісінде дәл осы Алматыдағы ашылу салтанаты үшін арнайы Астанадан келгенін айтып, суретін қойған болатын. Қайрат Нұртастың vk.com әлеуметтік желісіндегі жанкүйерлер парақшасында Қайрат Нұртастың MCKZ музыкалық арнасының ашылу салтанатына барғаны, бірақ онда концерт ұйымдастырушыларының жоқ болып шыққаны айтылған. Әнші жанкүйерлері MCKZ арнасының концерт ұйымдастырушылары телефондарын сөндіріп, жиналған жұртты алдап соққанын да жазып отыр.

Видеода Қайрат Нұртастың жиналған жұртты сабырға шақырып, ұйымдастырушылардың кесірінен алданып қалғанын жеткізіп жатқаны көрсетілген. Әнші ешқандай да телеарна ұйымдастырушыларының болмағандығы себепті алданып қалған көрермендерге өз қалтасынан билет құнын төлеп беруге дайын екендігін де жеткізді.

Ұйымдастырушылар афишаға Қайрат Нұртастың үлкен суретін қойғанымен, бұл тек бір ғана әншінің концерті емес еді. Әнші өзінің суретін афишаға үлкен етіп салған ұйымдастырушыларды айыптап отыр. 

Келесі видеода Қайрат Нұртастың дүйім жұрт алдында, концерт қоюға мүлдем мүмкіндік жасалмаған жерде әндерін қайталап айтуға мәжбүр. Ал анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекованың көзіне жас алып тұрғанын көруге болады.

Жиналған қауым арна басшыларының атына ұжымдық арыз жазып жатыр екен.

Ал жүргізуші Асхат Садырбай өзінің instagram-дағы парақшасында бұл оқиғиға қатысты былай деп жазған:

Естеріңізге сала кетейік, бұл Қайрат Нұртас қатысқан алғашқы дау емес. Былтыр Алматыда көрермендер Саин мен Райымбек көшелерінің қиылысында орналасқан "Прайм Плаза" сауда орталығының алдында тәртіпсіздік орнатқан болатын. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ғаламтор бетінен

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 04 шілде 2014, 23:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.