Беш. Роза Рымбаева бешбармақ туралы клипке түсті (Видео)

Беш. Роза Рымбаева бешбармақ туралы клипке түсті (Видео)

Қазнетте Роза Рымбаеваның қатысуымен түсірілген "Беш" атты клип пайда болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Сөз болып отырған бейнебаянға одан бөлек Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов, қазақстандық рэпер Big Som (Биг Сом) және әнші Нұрлан Абдуллин түскен. 

Композиция қазақтың ұлттық тағамы бешбармақ (ет) туралы. Әли Оқаповтың айтуынша, клип ресейлік рэпер Тиматидің GQ әніне ұқсатылып, қалжың ретінде ойластырылған. Бейнебаянның идеясы шоумен Александр Шумскийге тиесілі, – деп көрсетті әнші.

Ал Александр Шумский болса, өзінің Фэйсбуктағы парақшасында клиптің интернетке тарап кеткеніне таңырқап, туындының әлі толық өңделіп болмағанын жазды. Бейнебаянның ғаламторға техникалық қателіктердің себебінен жүктеліп кеткендігін жеткізді ол. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты баспасөз конференциясы өткізіледі деп нобайлануда.

Клипті көрермендердің біржақты қабылдамағынан да айта кетелік. Бір топ тыңдармандар композицияны ұнатып, енді бір топ оның кемшіліктері туралы айтып, әнге көңілдерінің толмағанын білдірді.

Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Big Som, Нұрлан Абдуллин – БЕШ:

Тимати, L'One, Сергей Мазаев – GQ (2013):

Дайындаған: Ернұр Серік

сурет: YouTube сайтынан скриншот

Е. Қайрахан