The Spirit Of Tengri күнделігі: "Алдаспан" тобы

The Spirit Of Tengri күнделігі: "Алдаспан" тобы

Топтың музыкалық аспаптарының құрамында бас-домбыраны қоса айтқанда өздері құрылымын жасаған 3 электродомбыра бар. Топтың өрістік бағыты әскери ер айбыны болып о бастан-ақ мәлім болған. Олардың негізгі мүддесі айбындылықты әуенмен көрсету болғандықтан, топтың аты да «Алдаспан» деп қойылыпты.

Алдаспан – жаугершілік заманда атты әскерлердің сауыт киімдерін сындыру мақсатында қолданылған, сабынан басына қарай жүзі қалыңдай беретін үлкен қылыш. Осылай қаруланған жігіттер қазақтың халық музыкасына жаңа бағытпен қарап, оны жарты әлемге таныту мақсатын арқалап отыр. Ал әрбір орындалатын күйдің сарыны эпикалық батырлықтан бастап этнороктік балладаларға дейін рокстилистика жанрында орындалады. Алдаспан тобы шығармашылығының табынушылары фестиваль кезінде өздерінің сүйікті топтарының орындауында әсем ән мен ғажап күйге бөленетін болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Ж. Өрісбай