Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / «Аялаған Астана» жобасы жас дарындарға жол ашады

«Аялаған Астана» жобасы жас дарындарға жол ашады

«Аялаған Астана» жобасы жас дарындарға жол ашады

2014 жылы 4-6 шілде аралығында Астана қаласы әкімдігі, «Нұр Отан» ХДП, Астана қаласының Мәдениет басқармасы, “АРС” компаниясы (Ресей), «Балалардың жаңа толқыны», «Евразия» ұйымдастыруымен «Аялаған Астана» атты республикалық поп-әншілер байқауы өтеді.

Жыл сайын еліміздің жүрегіне айналған Астана жас спортшыларға, келешек ғалымдарға, жеткіншек музыканттарға жұлдыздай жарқырауға мүмкіндік береді. Өткен жылы болған «Аялаған Астана» республикалық балалар байқауы казақстандық жасөспірімдің дамуына әсерін тигізетін іс-шаралардың бірі болды. Биылғы жылы да өткелі отырған аталған республикалық балалар байқауы 3 кезеңнен тұрады: іріктеу, жартылай финал, финал. Әділ бағаны қазылар алқасы беретін болады. Сайыстың жеңімпазы 1 миллион теңге сыйлықпен марапатталып қана қоймай, «Балалардың жаңа толқыны» Халықаралық ән байқауына Қазақстан атынан қатысу мүмкіндігіне ие болады. 2013 жылы өткен байқаудың жеңімпазы болып Болат Батырбаев танылды.

2014 жылдың наурыз айының аяғы мен сәуір айынынан бастап республикамыздың бүкіл аймағында іріктеу басталды. Байқауға 8-12 жас аралығындағы бүлдіршіндер қатыса алады. Қатысушыларды еліміздің атақты эстрада жұлдыздары іріктейді. Олар: Алмас Кішкенбаев, Айқын, АDAM, Батыр Байназаров, Данияр Өтегенов («Rin-Go»тобы), Ерболат Беделхан және Дастан Оразбеков («Орда»тобы), Тамара Асар, Ситора Назарова, Әнел Аринова және т.б.

«Аялаған Астана» балалар музыкалық жобасы қазақстандық жас дарындардың  өсіп-өнуіне ықпалын тигізеді. Жобаның басты мақсаты – жас дарындарды таба отырып, шығармашылық қабілеттерін ашу. Жас дарындар осы жобаға қатысу арқылы үлкен тәжірибе алады. Жобаға тек үлкен қалалардан ғана емес, сонымен қатар ауылдар мен кішігірім қалалардан да балалар қатыса алады. 

Байқаудың тұсаукесері 27 наурыз күні Алматы қаласында болды. Іріктеу кезеңі Қазақстанның 16 қаласында жалғасын табады. Осы күнге дейін Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларында іріктеу өтті. Алда әлі Қызылорда, Қостанай, Орал, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Павлодар, Көкшетау, Петропавловск, Астана қалалары бар. Осы аймақтың өнерлі баласы болсаңыз, сіздің де мүмкіндігіңіз бар!

Ерекше жобаның финалы 2014 жылдың 4-6 шілде аралығында Елорда күнін мерекелеу кезінде Астанада өтеді. Халықаралық қазылар алқасы үш күннің қорытындысы бойынша, жеңімпазды анықтайды. Финалға 16 өңірден тек 12 қатысушы ғана қатыса алады. Есте қаларлық кеште үміткерлер ән салып қана қоймай, өз жетекшілерінен үйренген өнерлерін ортаға салып, бірге дуэт орындайды.

6 шілде күні өтетін гала-концертте, «Евразия» Бірінші арнасының тікелей эфирінде «Аялаған Астана» байқауының жеңімпазы белгілі болады.

Ендеше, үлкен сахнаға жолдама беретін жобаға сәттілік тілейміз! 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: "Аялаған Астана" балалар ән байқауының баспасөз қызметі 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 02 сәуір 2014, 17:09
Пікірлер
+0
02 сәуір 2014, 17:08

Әділқазылар тым жастар екен...

+0
02 сәуір 2014, 20:04

Алмастың жобаларда жетекшілік етуден тәжірибесі бар, жақсы жоба!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.