Әли Оқаповтың жаңа белесі

Әли Оқаповтың жаңа белесі

Жақында ғана жанкүйерлеріне жаңа бейнеклипін ұсынған Әли Оқапов, режиссерлік қырынан да танылып, анасына «Өткен күндер» әніне бейнеклип түсіріп берді. Алайда, мұнымен шектеліп қана қоймай, продюсерлікпен де айналысуды жөн көріпті. 

Біраз уақыт бұрын, Әли Оқапов танымал әнші «Қазақстан дауысы» байқауының финалисі Роза Мұқатаеваның музыкалық продюсері болатыны мәлім болды. 

Танымал музыкалық жобаға қатысқаннан кейін жас әнші жеке шығармашылығымен айналысуды қолға алыпты. Ал отандық шоу-бизнесті бағындыруға оған оның продюсері Ерлан Әлімов пен музыкалық продюсері Әли Оқапов көмектесетін болады.

Бұл шығармашылық бірлестік үлкен жетістікке жетеді деп сенеміз, өйткені Әли музыкалық талғамының жоғары екенін көрсетіп үлгерді. Бұған дейін де Әли Оқапов музыкалық композициялар жазуға, аранжировка жасауға қызығатын, ал енді бұл қызығушылығы жаңа деңгейге көтерілді.

Бұдан не шығарын уақыт көрсетер. Біз өнерпаздарға тек сәттілік тілейміз!

Түпнұсқа: Season.kz

Сурет: vk.com, season.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina