Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Медеу Арынбаевтың "Өмір-Өзен" әні

Медеу Арынбаевтың "Өмір-Өзен" әні

Медеу Арынбаевтың

Белгілі әнші-сазгер, ҚР мәдениет қайраткері, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Медеу Арынбаевтың есімі аталса, қалың көпшіліктің ойына «Өмір-өзен» әні келетіні сөзсіз. «АБК» тобының құрамында бола тұра, әнші жеке шығармашылығымен дербес айналысып, қазақ әндерінің көбеюіне сүбелі үлес қоса бастады.

Медеу Арынбаевтың композиторлық шығармашылығы өткен ғасырдың соңғы жылдарында басталған-ды. 1997-1998 жылдары әнші «Дәурен-ай» әнін жазып, ақын Шөмішбай Сариевке барып, әдемі мәтін жазып беруін өтінеді. Ән әуенін сол жерде фортепьянода ойнап береді. Ақын әнді мұқият тыңдаған соң: «Мына әнің жақсы екен. «Өмір-өзен» деген өлеңім бар еді. Композитор болсаң, мына өлеңіме әуен жаз» деп қағаздарының арасынан «Өмір-Өзен» атты өлеңін алып береді. Әнші үйіне келген бойда, өлең жазылған қағазды алдына қойып, күйсандыққа отырып, «Өмір-өзен, қалай, қайтіп аққаның» деп ыңылдап айтып кетеді. Әндетіп кеткен әнші жаңа ән әуенінің жазылғанын байқамай да қалады. Дәл сол күні өмірге «Өмір-Өзен» әні келеді.

Келесі күннің ертесінде әнші ақын ағасына жолығып, жаңа әнді тыңдатады. Жаңа ән ақын көңілінен шығады. Өз кезегінде ақын Медеу Арынбаевтың алғашқы өтінішін орындап, «Дәурен-ай» әнінің сөзін жазып қойған екен. Осылай әнші ақын Шөмішбай Сариевтің екі өлеңіне әуен жазуының арқасында сазгерлікпен айналыса бастайды.

Көп ұзамай «Дәурен-ай» әні белгілі әнші, ҚР халық әртісі Нағима Есқалиеваның репертуарынан орын алады. Ал «Өмір-Өзен» әнін әнші өз репертуарына қосып, бейнебаян түсіреді. Бейнебаянда алқалы топтың арасынан көрінген бетке ұстар азаматтың балалық шағынан бастап, өміріндегі ең маңызды кезеңдері көрсетіледі.

«Өмір-Өзен» - кез келген уақытта, жөнсіз айтыла бермейтін ән. Классикалық үлгіде жазылған әнде балалық шаққа, жастық дәуренге, туған жерге деген сағыныш та, өткен өмірге өкініш те бар.

Өмір-Өзен

Әнін жазған: Медеу Арынбаев

Сөзін жазған: Шөмішбай Сариев

Өмір-өзен, қалай, қайтіп аққанын,

Асау ағыс толықндарын таппадым.

Қайта оралған наурыз-көктем құсымен,

Қайта оралшы, менің сәби шақтарым.

Қайырмасы:

Құстарым-ай, құстарым,

Қандай бақыт сенің биік ұшқаның!

Қайта оралшы, құстарым-ай, қанатым,

Күнімді іздеп көкжиекке қараппын,

Қайта оралмас өмір беріп жараттың.

 

Балалық шақ өтті қалай, сезбедім,

Ауылда жүр жәудіреген көздерім.

Қайта оралған наурыз-көктем құсымен,

Қайта оралшы, менің бала кездерім.

 

Қайырмасы:

 

Жадыраған әдемі еді-ау аспаным,

Өте шықты өткен өмір қас-қағым.

Қайта оралған наурыз-көктем құсымен,

Қайта оралшы, менің бала пәк шағым.

 

Қайырмасы.

Суреттер: kzmz.region.kz, yvi.kz, ademi-ai.kz

1876 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 26 сәуір 2012, 12:26
Пікірлер
+0
26 сәуір 2012, 16:53

Құлазып отырм....

+0
11 мамыр 2012, 01:05

Ана жолы неге сонша қазақша әндердің шеруін жасап, ең жақсы әндерді неге жинап жатырсыңдар деп ойласам, осындай кучту материалдар дайындаған екенсіңдер ғой :)
Әндердің шығу тарихын, жалпы мәліметтерді қайдан алдыңдар?

+0
11 мамыр 2012, 09:27

Маржан, ол шерудің бұл материалдарға еш қатысы жоқ. Ал әндердің шығу тарихы мен мәліметтерді өзім іздестіремін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...