Tengri FM радиосының ұтысына қатысып, Абу-Дабиге жолдама ұтып ал!

Tengri FM радиосының ұтысына қатысып, Абу-Дабиге жолдама ұтып ал!

Tengri FM радиосы The Rolling Stones тобының концертіне екі билет ойнатады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музыканы жаны сүйетіндер үшін Абу-Даби өтетін британиялық The Rolling Stones рок-тобының концертіне қатысқысы келетіндер info@tengrifm.kz электрондық мекен-жайына өзі жөнінде толық ақпарат, байланыс телефоны мен тұрғылықты қала атын жазулары керек. Тіркелу автоматты түрде жүреді.

Осыдан кейін Tengri FM радиосының жүргізушілері тікелей эфирде үміткерлерге телефон шалып, The Rolling Stones тобы мен Біріккен Араб Әмірліктері жөнінде сұрақтар қоятын болады. Дұрыс жауап бергендер «Алматы Орталығы» мейрамханасында өтетін финалдық кезеңге жолдама алады. Сол жерде кездейсоқ таңдау жасалып, жеңімпаздардың есімдері жарияланбақ. Қалғандары да құр алақан қалмақ емес. Жақсы музыка тыңдап, «Тенгри шыңында» жобасының қатысушылары дайындаған көңілді кешке куә болады. Байқаудың ақырғы кезеңі тікелей эфирден Tengri FM мен Tengrinews TV арқылы таратылады деп күтілуде.

Жеңімпаз Etihad Airways әуекомпаниясымен Абу-Дабиге дейінгі билетпен қоса, Яс аралындағы du Arena стадионында болатын The Rolling Stones тобының концертіне кіру мүмкіндігіне ие болады. Одан бөлек, қос жолдама иегерлері ұйымдастырушылар есебінен Yas Waterworld аквапаркі мен Ferrari World тематикалық паркінде де көңіл көтереді.

Tengri FM ұйымдастырған байқауға жасы 18-ге толған Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы қатыса алады. Радио жүргізушілері үміткерлерге күніне екі рет жұмыс күндері 10.00-11.00 және 18.00-19.00 сағат аралығында, демалыс күндері 13.00-14.00 және 17.00-18.00 сағат аралығында телефон шалып, байқауға қатысты өз сұрақтарын қоятын болады.    

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: rollingstones.com

Б. Қосмағамбет