"Қазақстан дауысының" жеңімпазы анықталды

"Қазақстан дауысының" жеңімпазы анықталды

Нұрлан Албанның шәкірті 27 жастағы қостанайлық Шахаризат Сейдахмет «Қазақстан дауысының» жеңімпазы атанды.

Бас жүлде бес миллион теңге мен дыбыс жазу компаниясымен келісімшарт үшін ақтық сында төрт қатысушы бағын сынады. Әр финалдық орындаудан кейін SMS-дауыс беру нәтижесі бойынша бір әншіден шығып отырды. Бірінші болып Медеу Арынбаевтың тобындағы 26 жасар Жанғали Әбішев шықты, екінші болып Мәдина Сәдуақасованың қарамағындағы павлодарлық Роза Мұқатаева жобадан шықты. Финалда Шахаризат Сейдахметпен бірге 20 жасар Тимур Омаров бақ сынады. Айта кететіні, «Қазақстан дауысының» ақтық сынында, яғни 19 қаңтар күні Тимур Омаров 20 жасқа толды.

Түрлі әлеуметтік желіде қазақстандық өнерпаздар Роза Мұқатаева мен Тимур Омаровты қолдау кампанияларын ұйымдастырған болатын. Алайда, Шахаризаттың бағы жанып, қарсыластарынан оза шапты.

«Қазақстан дауысы» жобасы былтыр жаз мезгілінде өз жұмысын бастаған болатын. Бұл – әлемдік «The Voice» немесе «Голос» телешоуының баламасы.

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina